1. 2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезең ішінде “Теплокоммунэнерго” МКК тарифтік сметасының орындалуы туралы Есеп бойынша ақпарат
Кәсіпорын 2022 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2021 жылғы 13 тамыздағы № 114-ОД бұйрығына сәйкес бекітілген тарифтер мен тарифтік сметалар бойынша жұмыс істейді.
Департаменттің аталған бұйрығына сәйкес тарифтік сметалар 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 наурызға дейінгі кезеңге 5 (бес) жылға, соның ішінде 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі ағымдағы кезеңге бекітілді.
Осыған байланысты жылу қуатын өндіру, жылу қуатын беру мен бөлу, жылу қуатымен жабдықтау, электр қуатын беру қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы туралы Есепте шығыс баптары 2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 30 қыркүйекке (12 ай) дейінгі кезеңде бекітілген тарифтік сметалар бойынша көрсетілген, ал нақты мәліметтер 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 наурызға (6 ай) дейінгі өткен кезең үшін қалыптастырылған.
2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңде жылу қуатын өндіру 1 102 463,05 Гкал, пайдалы босату 892 470,96 Гкал, нормативті ысыраптар 164 372,09 Гкал құрады.
Осы кезеңде көмір тұтыну 357 999,52 тонна ауқымында 2 311 770,56 мың теңгені құрады;
Электр қуатын тұтыну – 20 067,8 мың кВтсағ. ауқымында 421 314,44 мың теңгені құрады;
Сумен жабдықтау және су тарту – 165 615,72 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның жылу қуаты бойынша негізгі қызметтен түскен кірісі 5 540 752,9 мың теңгені, өнім өндіруге кеткен шығындары 5 262 481,48 мың теңгені құрады. Орташа босату тарифі 6 208,33 теңге/Гкал.
Кәсіпорынның реттелетін қызмет – жылу қуатын өндіруден түскен кірісі 4 668 452,97 мың теңгені, өндірістік шығындары – 4 508 753,57 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның реттелетін қызмет – жылу қуатын беру және бөлу бойынша кірісі 1 153 219,14 мың теңгені, өндірістік шығындары – 1 036 435,47 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның реттелетін қызмет – жылу қуатымен жабдықтаудан түскен кірісі 40 577,91 мың теңгені, өндірістік шығындары – 38 789,56 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның 2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 30 қыркүйекке (12 ай) дейінгі кезеңдегі бекітілген тарифтік смета бойынша шығындары 7 384 767,11 мың теңгені, 2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 31 наурызға (6 ай) дейінгі кезеңдегі іс жүзіндегі нақты шығындары 5 262 481,48 мың теңгені құрады.
2. 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде «Теплокоммунэнерго» МКК жылу қуатын өндіру, беру және тарату, жабдықтау бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РМК 17.06.2021 жылғы № 91-ОД және «Шығыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 18.06.2021 жылғы № 55 бірлескен бұйрығымн «Теплокоммунэнерго» МКК 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімге 38 473,23 мың теңге сомаға жылу қуатын өндіру, 153 018,00 мың теңге сомаға жылу қуатын беру және тарату, 5 813,42 мың теңге сомаға жылу қуатымен жабдықтау, барлығы ҚҚС-сыз жалпы сомасы – 197 304,66 мың теңге сомаға қызмет көрсетуге инвестициялық бағдарлама бекітілді.
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру көзі – тарифтік сметада ескерілген кәсіпорынның өз қаражаты болып табылады.
2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезең ішінде 2022 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу қуатын беру және таратудың бекітілген инвестициялық бағдарламасы бойынша іс-шаралар толық көлемде орындалды.
Мәселен, инвестициялық бағдарлама бойынша шараларды іске асыру бойынша, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мыналар сатып алынды: көлемі 3 текше метрді құрайтын фронтал тиегіш, бульдозер, доңғалақты экскаватор, айналым сорғылары, 110 кВт электр қозғалтқышы бар 1Д 315-71 сорғылары, 5,5 кВт.электр қозғалтқышы бар 1К20 / 30 сорғылары.
Осылайша, бекітілген инвестициялық бағдарлама 153 018,00 мың теңге сомасында бекітілсе, іс жүзінде нақты орындалғаны 152 728,37 мың теңгені құрады, 5,5 кВт.электр қозғалтқышы бар 1К20 / 30 сорғыларын мемлекеттік сатып алу кезінде шартты үнемдеу 289,63 мың. теңгені құрады.
Кәсіпорын жылу қуатын өндіру және жеткізу бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаларды белгіленген мерзімде, яғни, 2023 жылдың 1 қазанына дейін орындайтын болады.
Директор С.Т.Төленбергенов
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде (2023 жылдың 1 тоқсанында) «Теплокоммунэнерго» МКК жылу қуатын өндіру, беру және тарату, жабдықтау бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РМК 17.06.2021 жылғы № 91-ОД және «Шығыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 18.06.2021 жылғы № 55 бірлескен бұйрығымен «Теплокоммунэнерго» МКК үшін 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімге 38 473,23 мың теңге сомаға жылу қуатын өндіру, 153 018,00 мың теңге сомаға жылу қуатын беру және тарату, 5 813,42 мың теңге сомаға жылу қуатымен жабдықтау, барлығы ҚҚС-сыз жалпы сомасы – 197 304,66 мың теңге сомаға қызмет көрсетуге инвестициялық бағдарлама бекітілді.
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру көзі – тарифтік сметада ескерілген кәсіпорынның өз қаражаты болып табылады.
2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңге жылу қуатын беру және таратудың бекітілген инвестициялық бағдарламасы мынандай іс-шаралар бойынша орындалды: көлемі 3 текше метрді құрайтын фронтал тиегіш, доңғалақты экскаватор, айналым сорғылары, бульдозер, 110 кВт электр қозғалтқышы бар 1Д 315-71 сорғысы, жалпы сомасы 152 116,37 мың теңгеге.
Бұлардың ішінде жекелеген шаралар 2023 жылдың 1-тоқсанында орындалды:
– бульдозерді жеткізу тауарларды қабылдау-өткізу Актісі бойынша іске асырылды – орындау мерзімі 2023 жылғы 17 қаңтар.
Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша «ВИА ИНВЕСТ» ЖШС-імен арада жалпы сомасы 612,00 мың теңгеге 3 (үш) 5,5 кВт.электр қозғалтқышы бар 1К20 / 30 сорғыларын сатып алуға 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 115 мемлекеттік сатып алу Шарты жасалды. Бұл орайда шартты үнемдеу 289,63 мың. теңгені құрады (07.04.2023 жылғы қорытындылар туралы Хаттама, 07.04.2023 жылғы Шарт ұсынылады), орындау мерзімі – 2023 жылғы 02 мамыр.
Осылайша, жылу қуатын беру және тарату бойынша бекітілген инвестициялық бағдарлама 153 018,00 мың теңге сомасында бекітілсе, іс жүзінде нақты орындалғаны 152 728,37 мың теңгені құрады, 289,63 мың теңге сомасында шартты үнемдеу алынды.
Жылу қуатын өндіру және онымен жабдықтау бойынша бекітілген инвестициялық бағдарлама іске асырылуда.
Директор С.Т.Төленбергенов
ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 12 мамыр Семей қ., Әуезов даңғылы, 111
«Теплокоммунэнерго» МКК Сізге 2023 жылғы 30 мамыр сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, М. Әуезов даңғылы, 111 (конференц-зал, 1 қабат) мекенжайы бойынша «Теплокоммунэнерго» МКК кредиторларының жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.
Материалдармен танысу тәртібі: жиналыс өткізілетін жері бойынша 3 жұмыс күні үшін жиналыс өткізуге дейін.
Байланыс деректері: Заң бөлімі 8 (7222) 33-89-66;
Бухгалтерия 8 (7222) 33-96-96;
Электрондық мекенжай: gkp_tke@inbox.ru.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Оңалту жоспарын өзгерістер мен толықтырулармен қарау және келісу.
«Теплокоммунэнерго» МКК
директоры Туленбергенов С. Т.